Милицияның деректеріне сүйенсек, сағат 16.00 шамасында Коллектор көшесі бойынша арықтардың бірінен жаңа туылған нәрестенің мәйіті табылды.
«Ер баланы туылған бойда арыққа тастап кеткен, тіпті кіндігі де кесілмеген. Сараптама баланың ай-күні жетіп туылғанын анықтады», — деп хабарлады милициядан.
Аталмыш факті бойынша тергеу басталды.