Жарияланды: 750

Арыс қаласы маңындағы полигонда жарылыс болды - ОҚО

Арыс қаласы маңындағы полигонда жарылыс болды - ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысында Арыс қаласы маңындағы полигонда жарылыс орын алды. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2015 жылғы 8 қарашада шамамен сағат 10.40-та Арыс қаласының маңындағы «Қазтехнология» ЖШС-ның жару алаңының полигонында қалдықтарды кәдеге жарату кезінде жарылғыш заттардың жарылысы орын алды. Оқиға нәтижесінде «Кәдеге жарату орталығы» филиалының технологы 1974 жылы туылған Ермұрат Иманқұлов қаза тапты. 
Қазіргі кезде оқ-дәрілерді кәдеге жарату және қалдықтарды жою бойынша жұмыстар тоқтатылды. Аталған жазатайым оқиғаны тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін