Арыс тұрғындары үйіне қайтып орала бастады - видео - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыс тұрғындары үйіне қайтып орала бастады - видео

Арыс тұрғындары үйіне қайтып орала бастады - видео

Арыс тұрғындары үйлерін көріп, сол жақта қалу үшін, таңнан бері қалаға аттануда.

  • 28 Маусым 2019
  • 318
Фото - Caravan.kz

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың сөзінше, қала тұрғындарын автобустармен жөнелту Шымкент қаласының басшылығымен ұйымдастырылған. Адамдар таңғы сағат 6-дан бастан жолға шығыпты. 

Таяуда өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдегендей, Арыс снарядтардан тазартылған. 

 

Жители Арыс организовано автобусами отправляются домой. С 6-ти утра со всех эвакуационных пунктов началась отправка желающих вернуться

Posted by Saken Kalkamanov on Thursday, June 27, 2019

«Арыс тұрғындарын қайта қоныстандыру автобустармен жүзеге асырылады. Қала 17 аумаққа бөлінді. Оның әрқайсысына аудан және облыстағы қалалардың әкімдіктері бекітілді. Бір үйге бір адамнан келетіндей 640 жауапты маман белгіленді. Олар тұрғындарға қоныстану барысында көмектесетін болады», — деп келтіреді Шөкеевтің сөзін оның баспасөз қызметі. 


 

Арысцы возвращаются домой

Posted by Saken Kalkamanov on Thursday, June 27, 2019

Жергілікті биліктің сөзінше, Арыстың қазіргі ахуалы толықтай бақылауға алынған. Өрт ошақтары жойылды. Алаңдауға себеп жоқ, дейді әкімдіктегілер. 

Соңғы жаңалықтар