Жарияланды: 7500

Арыста снаряд түсіп, жарылып кеткен мейрамхананың видеосы пайда болды

Арыста снаряд түсіп, жарылып кеткен мейрамхананың видеосы пайда болды

Аталған мейрамхана қоймадан бірнеше шақырым алыс орналасқан.

Бұл туралы журналист Тоқтар Жақаш әлеуметтік желіге жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы

Арыстағы вокзал жанында орналасқан "Ағабек" мейрамханасына снаряд түсіп, күлін көкке ұшырды. Бұл мейрамхана қоймадан 20 шақырымдай қашықтықта орналасқан.

Туған құдашамның кәсібі еді. Абырой болғанда қызметкерлері дер кезінде қашып үлгеріпті. Қайбір жылы құдамыз қайтыс болғанда осы мейрамханада берілген асқа қатысқам. Ұзынқұлақтан жеткен ақпарат бойынша, сарбаздар арасында "шығын біршама" дейді. Рас- өтірігі белгісіз. Жарылыс біткенше сарбаздарды "снарядтарды залалсыздандыру" ісіне араластыруды тоқтатуды талап етеміз! Халыққа барынша нақты, түсінікті ақпарат таратуларыңызды сұраймын! Ел арасында "радиусы 50 шақырым..." деген үрей тараған. Осы әңгіме қаншалықты шындық? Облыс әкімдігі халықтан еш нәрсені жасырмасын! Босып кеткен жұртты тікұшақ, автобус, көліктермен жинап, түрлі себеппен ата-анасынан ажыраған балалардың онлайн тізімі мен жағдайынан сәт сайын хабар беретін арнайы сайт шұғыл түрде ашылсын!,- деп жазды Тоқтар Жақаш әлеуметтік желіде

 

Арыстағы вокзал жанында орналасқан "Ағабек" мейрамханасына снаряд түсіп, күлін көкке ұшырды. Бұл мейрамхана қоймадан 20 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Туған құдашамның кәсібі еді. Абырой болғанда қызметкерлері дер кезінде қашып үлгеріпті. Қайбір жылы құдамыз қайтыс болғанда осы мейрамханада берілген асқа қатысқам. Ұзынқұлақтан жеткен ақпарат бойынша, сарбаздар арасында "шығын біршама" дейді. Рас- өтірігі белгісіз. Жарылыс біткенше сарбаздарды "снарядтарды залалсыздандыру" ісіне араластыруды тоқтатуды талап етеміз! Халыққа барынша нақты, түсінікті ақпарат таратуларыңызды сұраймын! Ел арасында "радиусы 50 шақырым..." деген үрей тараған. Осы әңгіме қаншалықты шындық? Облыс әкімдігі халықтан еш нәрсені жасырмасын! Босып кеткен жұртты тікұшақ, автобус, көліктермен жинап, түрлі себеппен ата-анасынан ажыраған балалардың онлайн тізімі мен жағдайынан сәт сайын хабар беретін арнайы сайт шұғыл түрде ашылсын!

Posted by Тоқтар Жақаш on Monday, June 24, 2019

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін