Арыста жарылыс болып, екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыста жарылыс болып, екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Арыста жарылыс болып, екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Екі адамның денесінің 30 және 70 пайызын күйік шалған.

  • 18 Қаңтар
  • 72
Фото - Caravan.kz

Арыста газ баллоны жарылып, 2 адам ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Otyrar.kz жазуынша, төтенше оқиға наубайханада болған. 

Құтарушылардың ақпаратына сүйенсек, термиялық күйік шалған екі қызметкер ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

«Анықталғандай, наубайхана мен жақын орналасқан дүкеннің 200 шаршы метрге жуық аумағы өртке оранған. Құтқарушылардың айтуынша, газ баллондарының бірі өрт орнына жақын тұрғандықтан газ тез қызып, жарылыс болған. Екі адамның денесінің 30 және 70 пайызын күйік шалған», — делінген хабарламада.

Оқиға орнынан 50 литрлік екі газ баллоны және 25 литрлік екі баллон шығарылды

Соңғы жаңалықтар