Арыстағы жарылыс: Үкімет резервтен қаржы бөлетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыстағы жарылыс: Үкімет резервтен қаржы бөлетінін айтты

Арыстағы жарылыс: Үкімет резервтен қаржы бөлетінін айтты

Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінде Арыс қаласын қалпына келтіруге үкімет резервінен арнайы қаржы бөлінетінін мәлімдеді.

  • 26 Маусым 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, қаржы Арыста тұрғын үйлерді, инженерлік желілерді, әлеуметтік инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге бағытталады.

«Арыс қаласындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау мақсатында мемлекет басшысы мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды бөлуді тапсырды. Барлық қажетті шара ұйымдастырылды», — деді Смайылов.

Үкімет басшысының орынбасары қалпына келтіру жұмыстары жеделдетілген режимде үкіметтің бақылауында жүргізілетінін айтты. Ал келтірілген залал көлемін бағалау үшін қажетті есептер әзірленбек. 

Смайылов Nur Otan партиясы бастамасымен «Арыс – біз біргеміз» акциясын қолдап қаржы министрлігі мен комитеттерінің қызметкерлері Арыс тұрғындарына көмек көрсету мақсатында бір күндік жалақыларын аударғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар