Арыстағы жарылыстан зардап шеккен балалармен 24 психолог жұмыс істеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен балалармен 24 психолог жұмыс істеп жатыр

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен балалармен 24 психолог жұмыс істеп жатыр

Бұл туралы бүгін елорда да өткен #АрысБізБіргеміз жалпыұлттық акциясының осы уақыт аралығындағы нәтижесіне арналған баспасөз мәслихатында айтылды. 

  • 27 Маусым 2019
  • 25
Фото - Caravan.kz

Апат болған күннен бастап Нұр Отан партиясы барлық 17 өңірде гуманитарлық көмек жинау пунктерін ашты. "Осы пунктер арқылы Түркістан облысының әлеуметтік даму корпоративтік қорына жарты миллиардтай қаражат түсті. Бұл барлық қазақстандықтың атынан түскен көмек",- дейді Нұр Отан партиясының хатшысы Тамара Асар. 

Төтенше жағдай болған ауданға партиялықтар 518 тонна азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек пен құрылыс материалдарын жеткізген. 

"Қазіргі уақытта 89 тонна дәл осындай заттар дайындалып жатыр. Нұр Отан партиясы жанынан Балалардың құқығын қорғау кеңесі ашылды. Шымкент қаласында ашылған кеңседе бірінші күннен бастап осы кеңес мүшелері, яғни Қазақстан психологтар ассосациясы, Психологтар кеңесімен бірге 24 психолог балалармен жұмыс істеді. Осы уақытта ересек адамдарға да психологиялық көмек керек болғандықтан еліміздің әр аймағынан 19 психолог жіберілді. Мамандар қазір сол жақта жұмыс атқарып жатыр",  — дейді Тамара Дүйсенова. 



Сондай-ақ, қазіргі уақытта  Ақтөбе, Павлодар, Ақмола облыстары 700-ден астам балаларды лагерьлеріне шақырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар