Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты айыптауды Тұңғышбай Жаманқұлов та растады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты айыптауды Тұңғышбай Жаманқұлов та растады

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты айыптауды Тұңғышбай Жаманқұлов та растады

 

  • 18 Тамыз 2016
  • 2155
Фото - Caravan.kz

«Феникс» кино картинасының режиссері Талғат Жәнібеков тарапынан «пара» талап етті, деп айыпталған еліміздің мәдениет және спорт министрі төңірегіндегі дау жаңа арнаға бұрылды. Бұл жолы оның былыққа батқанын Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов астарлап жеткізді.

«Феникс» фильмінің продюсері атышулы дау дамайға ұласқан мәлімдеме жасаған болатын. Ол informburo.kz тілшісіне министр жарты жыл пара күткенін айтқан.

«Жел тұрмаса, шөптің басы қиылдамайды. Ендеше бұл әңгімелер бекер емес. Қазір жемқорлар өте сауатты жұмыс істейтін болды. Бірақ бізден 150 мың доллар сұрады. Оның адамы келіп, соманы қағазға жазып көрсетті де бірден жыртып тастады. Біз түсіріп үлгермедік. Кейін дәлелдеу қажет болатынын кім білген»,- деді Т.Жаманқұлов.

Түсіру тобында ондай ақша болмаған. Режиссер мен продюсер министрмен тіл табысуға тырысыпты. Бірақ ол фильмді қаржыландырғаны үшін алдын ала сыйлық сұраған көрінеді.


«Ол бізден жеті ай бойы 150 мың доллар әкеледі деп күтті», — деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Халық артисінің айтуынша, ақыр соңында ақша министрлік тарапынан басқа жобаға жіберілген.

Ал министір Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған дейін ешқандай да ақша талап етпегенін мәлімдеген болатын.

Бұл дау дамайдың созылғанына біраз болды. Талғат Жәнібеков министрді 12 шілде күні айыптаған еді. Атышулы мәлімдемеден кейін Арыстанбек Мұхамедиұлы кинематографистті сотқа берді. Әйтседе кейін ол арызын қайтарып алды.

Соңғы жаңалықтар