Арзан көлік аламыз деген жұрт алаяққа алданды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арзан көлік аламыз деген жұрт алаяққа алданды

Арзан көлік аламыз деген жұрт алаяққа алданды

Алматыда бір топ адам алаяқтың арбауына түскен. Банкте кепілде тұрған көліктерді төмен бағаға алып беруге уәде етіп, жұртқа жер сипатып кеткен пысықай ақыры қолға түсті.

  • 6 Маусым 2017
  • 1366
Фото - Caravan.kz

Кінәсін мойындамай тұрған Қайрат Бекарыстанов бастапқыда 2-3 адамға көлік алып беріп, әбден сенімге кірген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Осыдан кейін, клиенттері күрт көбейіпті. Тіпті, аңқау жұрт оның қолына бірнеше машинаның ақшасын ұстата салған. Кейбірі 8 миллионға шығынға батып отыр. Әбден машықтанған алаяқ жылмысқы әрекетін 3 жылдан бері жүзеге асырып келіпті. Өзі бұған дейін де осындай әрекеті үшін түрмеде отырып шыққан екен. Бірақ босай сала баяғы әніне қайта басқан. 

"Бұл кісінің мүмкіндіктері жоқ. Банктермен қарым-қатынасы да жоқ. Оның барлық айтқан әңгімесі жалған болып шықты. Сондықтан да ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалып, тергелуде" дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Соңғы жаңалықтар