"Асанәлі Әшімов Асхат Маемировтың қолшоқпары ма?" - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асанәлі Әшімов Асхат Маемировтың қолшоқпары ма?"

"Асанәлі Әшімов Асхат Маемировтың қолшоқпары ма?"

Биліктегілерге өлең арнап танылған әрі режиссер Балтабек Нұрғалиев «қазақ өнерінің қадірлі абызы» атанған Асанәлі Әшімовты өнерде жолы болмаған жандар өздерінің арзан ойындарына араластырып отыр деп жазба қалдырды.

  • 10 Қараша 2020
  • 260
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Асанәлі Әшімов сомдаған кинодағы салмақты бейнелерді білмейтін қазақ жоқ десек, қателеспеспіз. «Асанәлі Әшімов жасады» деген өнердің әрқайсысы – шығармашылықтың бір-бір шыңы.

Міне, осындай «қазақ өнерінің қадірлі абызы» атанған Асанәлі ағамызды өнерде жолы болмаған жандар өздерінің арзан ойындарына араластырып, алға салып, пайдаланып отырғандары қатты қынжылтады. Асанәлі ағамызды театр өнерінде жолы болмай жүрген Асхат Маемиров деген мансапқұмар анда жұмсап, мында жұмсап, абыздың қолымен от көсеп, әбден әуреге салды. «Күріштің арқасында күрмек су ішеді» деген мақал еріксіз еске түседі бұндайда. Асхат Маемировтың ықпалынан шыға алмайтындай Асанәлі ағамызға не болды? Осыны театр өнеріндегі көп мамандар түсіне алмай әлек. Асанәлі ағамыз жарығын көлегейлейтін жандардан аулақ болса деймін. Қазақстан Театрлар Ассоциациясының Президенті Асанәлі Әшімов Асхат Маемировтың қолшоқпары ма? Қоғамды мазалайтын сұрақ, міне, осы! «Жақсы дос жеткізер мұратқа, жаман дос қалдырар ұятқа» деген ел даналығын Асанәлі ағамыз түсінбейді дегенге сенгім келмейді. Отандық театр өнері мен кино өнеріне қатысты соңғы кездердегі жиілеп кеткен бірнеше даулы мәселелерде Асанәлі ағамыз көрермендердің де, өнер жасаушылардың да көңілдеріне көлеңке түсірерліктей жағымсыз жайттардың белортасында жүрді. Керексіз былықтардың арасында бой көрсету Асанәлі Әшімовтей тағылымды тұлғаға жарасар әрекет пе екен?.. Мен бұл сауалдарымды ұлттық театр өнері мен кино өнеріне шынайы жаным ашыған соң ғана, Асанәлі Әшімовтей тұнықтың лайлануына жол бергім келмегендіктен, ақтарыла қойып отырмын.

Ат сынын анық танитын, өнер бәйгесіндегі тұлпарлардың шабысын әділ бағалайтын Асанәлі ағамыздың көреген көздерін, дуалы аузын, адаспас адал құлақтарын Асхат Маемировтың қызғанышпен созылған қолдары неге жауып тұр? Асанәлі ағамыз осы қолдардан құтылса, алдағы уақытта да қазақ өнерінің жарқын болашағы үшін әлі талай тағылымды жұмыстар тындырып, көптеген шұғылалы бастамалардың басы-қасында жүреріне үміттімін. Асанәлі ағамның кемеңгерлігі істің ақ-қарасын ажыратуға жәрдем етеріне сенемін", — деп жазды Балтабек Нұрғалиев.


Айта кетейік, Балтабек Нұрғалиев театр саласында біраз уақыт қызмет еткен болатын. Ресей, Германия сияқты елдерде өткен театр фестивальдерінде режиссер ретінде үздік атанып, "Үздік режиссерлық дебют", "Үздік ізденіс үшін", — секілді номинацияларға ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар