"Асар" партиясы билікке немесе оппозицияға жақпайтын БАҚ-тарды "жүгендеуге" бағытталған әрекеттерге қарсылық білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясы билікке немесе оппозицияға жақпайтын БАҚ-тарды "жүгендеуге" бағытталған әрекеттерге қарсылық білдіреді

"Асар" партиясы билікке немесе оппозицияға жақпайтын БАҚ-тарды "жүгендеуге" бағытталған әрекеттерге қарсылық білдіреді

"Асар" партиясы билікке немесе оппозицияға жақпайтын БАҚ-тарды "жүгендеуге" және оларға "орнын көрсетуге" бағытталған әрекеттерге үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. Бүгін, 7-маусымда "Асар" республикалық партиясының кезектен тыс төртінші құрылтайында партияның төрайымы Дариға Назарбаева осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Маусым 2005
  • 540
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан журналистерінің конгрессі кейінгі кездері жиілеп кеткен осындай келеңсіз тәжірибемен тайсалмай күресетін болады. Мейлі бастама қай жақтан болмасын, бітімсіз күрес басталады»,- деді Д.Назарбаева. «Баспасөзді сіздікі, біздікі деп жікке бөлуді доғаратын мерзім жетті. Журналистердің жұмысын бағалаудың бір ғана өлшемі бар, ол — кәсіби шеберлік және жауапкершілік»,- деп мәлімдеді «Асар» партиясының төрайымы.

Соңғы жаңалықтар