Әсел Сәдуақасова құрбыларының басын қосып қызойнақ өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әсел Сәдуақасова құрбыларының басын қосып қызойнақ өткізді

Әсел Сәдуақасова құрбыларының басын қосып қызойнақ өткізді

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова жақын достары мен құрбыларын жинап, дүркіретіп қызойнақ өткізді. 

  • 3 Шiлде 2023
  • 267
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Кеш қонақтары жиынға кино және мультфильм кейіпкерлерінің образында келді. Отандық шоу-бизнес өкілдерінен актриса Жәния Джуринская , Сая Оразғалива, әнші Рано Омарова, Айман Құлымбетова сынды жұлдыздар төбе көрсетті. Ал өміріндегі маңызды кешті естен кетпестей етіп өткізбек болған қалыңдықтың таңдауы аппақ қысқа көйлекке түскен екен.

Негізі қалыдықтың қызойнағын оның жақын құрбылары ұйымдастырады. Алайда Әсел Сәдуақасова кештің ұйымдастыру жұмыстарын өз мойнына алған. Актриса не себепті мұндай шешім қабылдағанын бұған дейін түсіндірген болатын.


Айта кетейік, танымал актриса Әсел Сәдуақасова өзінен Мағжан есімді он жас кіші жігітке тұрмысқа шықты. Олар заңды түрде некеге тұрды және мұсылманша неке қидырды. Бұған дейін актриса мәһрге не сұрағанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар