Әсет Исекешев «El Úmiti» бастамасы аясындағы жобалар жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әсет Исекешев «El Úmiti» бастамасы аясындағы жобалар жайлы айтты

Әсет Исекешев «El Úmiti» бастамасы аясындағы жобалар жайлы айтты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев «El Úmiti» бастамасы мен Қамқоршылар кеңесі жайлы кеңірек айтты.

  • 7 Қаңтар 2020
  • 2108
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Әсет Исекешев facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Соңғы бірнеше айда біздің Қор Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «El Úmiti» бастамасы аясындағы жобаларды белсенді түрде дамытуда (олардың сипаттамасы слайдта көрсетілген). Осы жобалар арқылы біз өте маңызды міндетті орындамақпыз — яғни, дарынды оқушылар мен жастарға өз қабілетін ашуға, табысты дамудың жолын табуға мүмкіндік бергіміз келеді.
Сіздерге жобаларды әзірлеу мен іске асыруды үйлестіретін «El Úmiti» бастамасының Қамқоршылар кеңесін таныстырғым келеді. Оның құрамына білім беру, IT және инновация саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар кірді.

Бұл кісілердің кім және немен айналысатындарын төменнен көре аласыздар.


Серіктестерімізге — Үкіметке, жергілікті атқарушы органдар, халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшыларға — бізге жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын.

Келесі посттарда мен «El Úmiti» бастамасының әр бағытына (жобаларына) бөлек тоқтап, жазамын", деді Әсет Исекешев әлеуметтік желіде. 

Соңғы жаңалықтар