Әсет Исекешов ағылшын ханзадасымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әсет Исекешов ағылшын ханзадасымен кездесті

Әсет Исекешов ағылшын ханзадасымен кездесті

Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев және британдық хандазаРичард, герцог Глостер ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің Ұлыбритания павильонын аралады.

  • 27 Маусым 2017
  • 255
Фото - Caravan.kz

Қала басшысы Ә. Исекешев пен герцог Глостер көрмені аралап болған соң, елордамызда қазақстандық-британдық бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Қос тарап ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті, екі мемлекет арасындағы іскерлік байланысты одан әрі нығайтып, кеңейту үшін қажетті жағдай жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Оған қоса әкім мен герцог британ павильонының аумағында «Қазақстан Республикасында қалалық жоспарлау мен BIM технологиясын енгізу» тақырыбына арналып өткен «дөңгелек үстелде» құттықтау сөз сөйледі.

Аталмыш «дөңгелек үстелді» ҚР-ғы Ұлыбритания Елшілігі мен «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қоры ұйымдастырды.


Оған Gillespies,Pavegen, IBM,AutodeskCIS,EcoDomusInc.,IdeaFabrikPLC-TheHeroEngineCompany, Crowne Agents және Манчестер университеті сынды бірқатар британдық және американдық  компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айта кеткен жөн, Герцог Глостер Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның немере інісі, ол ел ішінде және шетелдік іс-сапарларға шығып, қоғамдық маңызы бар істерге белсене араласады. 

Соңғы жаңалықтар