Ащы шындықты эфирден іздеген көрермен қауымның бір жыл бойғы тоқтаусыз сұрауы ақыры орындалды. КТК арнасының қара қылды қақ жарған ең шыншыл бағдарламасы қайтадан басты назарда.
-Шындықтан қашып құтылмайсың!
Жантүршіктірер оқиғалар, қауіп-қатерге толы репортаждар! Шындықты ашықтан ашық айта беру әркез оңай шаруа емес. Бірақ, Дина Төлепберген бұл жолы да ешбір жайтты бүгіп қалмайды. Өзі де рас, сөзі де рас «Астарлы ақиқат» жаңа маусымда да сіздерге өткір материалдарын көрсетуге дайын.
Осы жексенбіде күллі қазақ Наурызды тойлаған түні мыстандар салған жын-ойнақтан хабардар боласыздар. Адам шошырлық оқиғалар легі мұнымен бітпейді. Ауру сіңілісі мен туған анасын тірідей тентіретіп жіберген қаскөй әйел, бірін-бірі сотқа сүйреген ет жақын туыстар – экраннан көрсетіле бермейтін өмірдің көлеңкелі тұстарын тек КТК ғана көрсете алады.
-Бақыт, үйдесіз ба? Есікті ашыңыз!
-Пәтеріміді берсін болды. Басқа ештеңке де сұрамаймын. Қамамай-ақ та қойсын.
Әлі ешкім көрмеген эксклюзивті кадрлар. Тек ақиқатын айтамыз. Енді әрбір жексенбі, кешкі 7-де «Астарлы ақиқатты» жіберіп алмаңыздар.