Ашхабадта алтын жеңіп алған қыздарымыз жүлделерінен айырылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашхабадта алтын жеңіп алған қыздарымыз жүлделерінен айырылып қалды

Ашхабадта алтын жеңіп алған қыздарымыз жүлделерінен айырылып қалды

Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлетикадан әйелдер арасында 4х400 метрлік эстафетадан чемпион болған Қазақстан қыздар құрамасы алтын медалінен айырылып қалды, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

  • 21 Қыркүйек 2017
  • 232
Фото - Caravan.kz

Бас жүлдеден айырылып қалуымызға жарыс кезінде Анастасия Виноградова тәртіп бұзуы себепші болған, ол сызықты басып кеткен. Осыған байланысты ұйымдастырушылар жерлестеріміздің жеңіп алған алтын медалін Таиланд құрамасына сыйлады.

Жалпы құрама сапында Ольга Сафронова, Виктория Зябкина, Элина Михина және Анастасия Виноградова жүгірді. Осылардың арасында 400 метрлік қашықтықта жүгіруден Михинаның ғана тәжірибесі бар. Қалған үшеуі негізінен 100 метрлік яғни спринтерлік бәсекеде өнер көрсетеді.

Қазақстан құрамасының уақыт көрсеткіші — 3:42.67 минут болған еді. Ал Таиланд қыздары мәреге  3:43.41 минутта жетті. Екінші орын  Қытай құрамасына (3:47, 35 м) бұйырды. Үштікті Түрікменстан құрамасы (3:50.39 м) жеңіп алды.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тайпэйде өткен Универсиада ойындарында да дәл осындай жағдай қайталанған болатын. Ол кезде 100 метрлік эстафетедан Рима Кашафутдинова үш рет өзге жүгіру жолағын басып кеткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар