Ашхабадтағы стадионда ел президентін күткен - 3 адам қаза тауып, 50-ден астамы естерінен танды
![]() |
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовты Ашхабадтағы «Копетдаг» стадионының ашылу рәсіміне күтуі кезінде |
арасында бір бала болған үш адам қаза тапты, деп хабарлайды REGNUM ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған КирТАГ.
«Мемлекет басшысы таяуда жаңғыртылған бұл нысанға сағат 08:00 шамасында келуі тиіс еді, сондықтан адамдарды стадионға сағат 05:00-ге келуге мәжбүрлеген. Бірақ түркімен көшбасшысы салтанатқа тек 11:45-те ғана жетті», - делінген жарияланымда.
Кейіннен Г.Бердімұхамедовтың әуелі басқа нысандарды қарап шығуды шешкені белгілі болған, ал арасында 4-15 жас аралығындағы балалар мен 70 жастағы қарттар болған адамдар оны отырмастан 7 сағатқа жуық уақыт күткен.
«Осы 7 сағаттың ішінде 50-ге жуық адам естерінен танған. Оларға сол жерде көмек көрсетілген. Күндізгі сағат 1-ге дейін 3-4 шақырым радиусындағы барлық көшелер жабылған. Соның арасында медициналық мекемелерге де апаратын жолдар жабық болды. Сондықтан көмекке мұқтаж болған жандар да, медициналық қызметкерлер де оларға жете алмады», - деп жазады ақпараттық агенттік.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін