АШМ картоп бағасы күрт қымбаттайды дегенге пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АШМ картоп бағасы күрт қымбаттайды дегенге пікір білдірді

АШМ картоп бағасы күрт қымбаттайды дегенге пікір білдірді

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева кейбір сарапшылардың қыста картоп бағасы 300 теңгеге жетеді деген болжамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 28 Қыркүйек 2017
  • 197
Фото - Caravan.kz

«Азық-түліктің негізгі 25 түрі бойынша біз өзімізді шамамен 80 пайызға қамтамасыз етіп отырмыз. Картоппен де өзімізді толықтай қамтамасыз ете аламыз. Әрине, өнім болмаған жылдарда өндіріс көлемі төмендейтіндігі белгілі. Бірақ бұл ретте нарық өзін-өзі толықтырып отырады. Қазақстан аумағына сырттан картоп алып келген кездер де болған. Бұл бағаны біршама тұрақтандыруға септігін тигізеді. Меніңше, мұндай жайт баға өсіміне әкеп соқтырмауы тиіс.  Яғни, картоп қолжетімді әрі ақылға сыйымды бағада сатылады. Сәйкесінше 300 теңге, мұндай баға қыста да болмайды», — деді Гүлмира Исаева бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін ірілі-ұсақты саудагерлердің тауар бағасына қоятын үстеме бағасын ескерсек, биыл қыста Қазақстандағы 1 келі картоптың бағасы 250-300 теңгеге дейін жетуі мүмкін екендігі хабарлаған болатын.


Биыл шаруалар картоп бағасы күрт қымбаттайды деп отыр. Бұған себептер көп, мәселен, еліміздегі және көрші елдердегі ауа райы биыл егінге қолайсыз келді, өнімді жетілдіруге кететін шығындар көбейген. 1 гектар алқапта картоп өсіру үшін орташа 1 млн теңге жұмсалды, ал орташа өнімділік гектарына 230 центнерді құрады. Дәл қазір 1 келі картоптың көтерме бағасы 55 теңге, ал әдетте күз мезгілінде 35 теңгеден аспайтын.

Соңғы жаңалықтар