"Ашуым қатты, бір көтерілсем жаман болады": Жеңіс Ысқақова келінінің не үшін кетіп қалғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ашуым қатты, бір көтерілсем жаман болады": Жеңіс Ысқақова келінінің не үшін кетіп қалғанын айтты

"Ашуым қатты, бір көтерілсем жаман болады": Жеңіс Ысқақова келінінің не үшін кетіп қалғанын айтты

Жеңіс Ысқақова осыдан бірнеше жыл бұрын жұлдызды енелердің тізіміне қосылып, ұланасыр той өткізген еді. Әншінің ұлы Айбатыр Карина есімді қызбен шаңырақ көтерген. Бірақ қуанышы ұзаққа созылған жоқ.

  • 14 Сәуiр 2020
  • 1933
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Жақында "Талантым — тағдырыматты бағдарламаға келіп біраз сырын ақтарған Жеңіс Ысқақова экс-келіні туралы да айтып өтті.

Жеңіс Ысқақова: 

"Тағдырдың салған ісіне, не істерсің жаным не істерсің? — демекші, солай болуы керек шығар. Ол тағдыр да бар нәрсе және солай болды. Біз не істей аламыз? Екеуі де ақыл тоқтатқан қыз бен жігіт, алды-артын білетін жаста, екеуінің өз шешімдері ғой. Байлап тұрғызбайсың ешкімді." — деп сөзін бастаған Ысқақова ханым немене күткенін де жасырмады.

Көпшілік келінінің кетіп қалуын Жеңіс ханымнан деп түсінді. Ал енді шынына келсек: 

"Біз өзге жақты кінәлауға дайын тұрамыз ғой. Мейлі кімнің кінәлі немесе кінәсіз екенін іштей білсекте мойындамаймыз. Оның бәрі бір Аллаға аян. Мен ондай емеспін, мен сондаймын деп ешкімнің алдында ақталатында ниетім жоқ. 

Әрине бірден ешкім берілмейді. Отбасын сақтап қалуға ұмтылады менде солай жасадым, әрекет еттім. Бірақ одан ештеңе шықпады. Басқа не істей аламын?!

Мен келінді бөлек шығармаймын. Менің шаңырағымда үш жыл тұрмайынша. Неге? Өйткені даладан келген адамды еншісін беріп қайтадан далаға шығарып жібермеймін ғой. Бір-бірімізге бауыр басуымыз керек. Бір-бірімізді тануымыз керек. Келген сәби ата-апасының мейірім,махаббатын сезіну керек. Содан кейін ғана барып еншісін беруге болады. Ал оған дейін менің келінді жеке шығарып жіберу деген ойымда жоқ.

Менің шағын мемлекетіме келді ме демек сол мемлекеттің заңына бағыну керек. Ол бір қиын нәрсе емес. Әр шаңырақтың өз дәстүрі, өз заңы болады. Кез-келген келін сол заңға бағынып, дәстүрді үйренуі керек. 


Мен өте шыдамды адаммын. Менің ашуым шарықтау шегіне жеткенінше мен үндемеймін. Бірақ бір көтерілсе өте жаман болады, сол нәрсені көргісі келмегендіктен де мен жоқта үйден кетіп қалып отыр ғой. 

Біздің заманымызда жасымыз он үшке келді ме, нан илеу, тамақ жасау бәрін анамыз үйретіп бастайды. Ертең барған жеріңде айтады, маған жаман ат келтірсе қызым, барған жеріңнің отынан кіріп, күлінен шық — деп миымызға құйып өсірді. 

Ал қазіргі замандастарым қыздарына осындай нәрсе айтпайды. Сол себептен де қазіргі қыздар келіп алып өз заңдарын орнатқысы келеді.

Міне тәрбие — тал бесіктен басталады деген рас нәрсе." — деп Жеңіс ханым сөзін аяқтады.

Еске сала кетейік, Жеңіс ханым болашақ келініне үш жылсыз менің шаңырағымнан еншісін алып кету деген нәрсе болмасын деп кесіп айтты.

Соңғы жаңалықтар