Ашынған тұрғындар Бурабайда тұратындарын айтуға ұялады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ашынған тұрғындар Бурабайда тұратындарын айтуға  ұялады

Ашынған тұрғындар Бурабайда тұратындарын айтуға ұялады

Ақмола облысындағы Щучье қаласының тұрғындарына үйлерді жаңарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қол жеткізу арман болды.  Ал көпқабатты үйлерінің жертөлесі мен кіреберісі қазір адам көргісіз жағдайға жеткен. Пәтер иелері кооперативінің жұмысына көңілдері толмаған жұрт аудан мен қала әкімдерінің табалдырғын тоздырып, талай көмек сұраған. Дегенмен, әзірге мәселе шешілер емес.

  • 21 Тамыз 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

Бурабай ауданының орталығы Щучье қаласындағы мына ең биік  көпқабатты үйлер халық аузында «үш алып»деп аталып кеткен. Бірақ бұл үйлердің «сырты бүтін, іші түтін»дейді әбден ашынған тұрғындар. Мұнда дәлізден үйге беттеген адамның шынымен де зәресі ұшады екен.   

— Мынау лифті міне, мынау есікті жауып қойдық суық келеді. Бізде өзі үкімет бар ма жоқ па?Бұл  курорт Бурабай дейміз, бізге Бурабай деп айтуға ұяламыз  өзі. Қандай Бурабаймыз біз, қандай курортпыз біз шошқаның сарайы сияқты отырмыз біз.

Кіреберісте жарық жоқ. Электр құрылғылары ашық-шашық, сымдары салбырап, адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Әсіресе, 15 жыл істемейтін лифтінің де есігі қираған. Баласына алаңдаған ата-ана үшін ол да бір уайым. Бұл мәселені тұрғындар басшыларға талай мәрте айтқан. Бірақ одан пайда жоқ. Сөйтіп жүргенде, ауданға тағы да жаңа әкім тағайындалды.  

Ырысқали Арыстанов, Щучье қаласының тұрғыны:

— Әкімдер ауысқаннан не пайда? Олар бізге келмейді. Қалада қожайын болса дұрыс, жаяу жүріп ана жерлерді шұңқырларды бәрін. Бәрі әкімдер басқа жерден  келеді. Біреулері Петропавлдан, Қостанайдан.Отырады 1 жыл. Біледі кететінін.

Тұрғындар үйді жаңартуға қатысты мемлекеттік бағдарламаға бірнеше жылдан бері қол жеткізе алмай жүр. Осы бағдарламаға бір ілініп кетсек жақсы болар еді дейді олар.


Светлана Сергеева, Щучье қаласының тұрғыны:

— Біз талап етпейміз, жалынып сұраймыз. Мемлекеттік бағдарлама бойынша көмек берсе дейміз. Облыс, аудан әкімдерінен жалынып сұраймыз, сондай мүмкіндік жасасыншы. 

— Мынау 9-шы қабаттың шатыры. 1986 жылдан бері жөндеу көрмеген. 28 жылда шатырдың жабындылары әбден ескіріп,жаңбыр жауған кезде  төбеден су саулайды екен.

Еліміздің ең көрікті жерінде орналасқан қала әкімдігінің ғимараты да жаңалауды қажетсініп тұрған сияқты. «Үш алыпқа» қатысты мән-жайды білуге барғанымызда, мекемесінің сыртқы келбетінен әкімнің өзі ұялып қалды.

Біржан Хасенеев, Щучье қаласының әкімі:

— Бүкіл есеп  бар. Анық сол үйге қанша  керегін білмеймін.Астанаға апардық. Сонда жатыр. Енді жоспар  бойынша келесі жылы істейміз.

Осылайша, әкім бұл істі келесі жылға ысырып қойды. Оның өзінде Астанаға жеткен құжаттар қабылданса дейді. Демек, бұл да бір дүдәмал іс боп тұр.