Әскерде қайтыс болған Маңғыстаулық сарбаздың денесі туған ауылына жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерде қайтыс болған Маңғыстаулық сарбаздың денесі туған ауылына жеткізілді

Әскерде қайтыс болған Маңғыстаулық сарбаздың денесі туған ауылына жеткізілді

Жамбыл облысы Гвардейский елді мекеніндегі госпитальда қайтыс болған ақтаулық сарбаз Әлібек Қалбайдың денесі кеше ұшақпен туған жеріне жеткізілді.

  • 24 Сәуiр 2022
  • 3163
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның жақындары Маңғыстаудағы Ақшұқыр ауылында тұрады. Олардың айтуынша, 18 жастағы жауынгер Қордай ауданындағы №30212 әскери бөлімге 18 сәуірде барған. 4 күннен соң суыт хабар келеді. Қорғаныс министрлігі таратқан ресми ақпарда ол таңғы сапқа тұру кезінде есінен танып құлаған. Туыстары оның өліміне кінәлілер бар деп, олардың заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Қайғылы оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр.

Динара Тілесова, Ә.Қалбайдың туысы:

– 12-сі күні мәжбүрлі түрде армияға кетсін деп баланы алып кетеді. Сотталасың, болмаса 3 млн-ға штраф төлейсің дейді. Кешкі 3-4 арасында мамасына соғады 4 мың теңге берші, асқазаныма дәріге ақша алдыртуым керек деп. Баланың көретін жері жоқ. Іші, бүйрегі, қолдары көгерген. Басы көгерген.

Алмас Доспаев, ҚР ҚК №30212 әскери бөлімінің командирі:


– 22 сәуірде рота таңғы астан келгенде казарма алдында тұрған. Сол кезде Әлібек ең соңғы қатарда тұрған. Басы айналып, құлап түсті артқа қарай. Бірінші дәрігерлік көмек көрсетіп, бірден медсанбатқа алып кеттік. Басының неден айналғанын білмеймін мен, күніне 2-3 солдат басы айналады да құлайды.