"Әскерге бару – парыз": Тележурналист Динара Сәтжан әскердегі ұлының ант қабылдау рәсіміне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әскерге бару – парыз": Тележурналист Динара Сәтжан әскердегі ұлының ант қабылдау рәсіміне қатысты

"Әскерге бару – парыз": Тележурналист Динара Сәтжан әскердегі ұлының ант қабылдау рәсіміне қатысты

Тележүргізуші, продюсер, медиаменеджер Динара Сәтжан осыдан бір ай бұрын жалғыз ұлы Даниалды әскерге шығарып салған болатын. Араға аз уақыт салып, ұлының ант қабылдау рәсіміне қатысты.

  • 9 Қаңтар
  • 75
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Продюсердің ұлы алғашқы некесінен туған. Екінші некесінен Диана есімді қызы бар. 

“Көптен күткен күн. Ант беру. Біз Даниалды бір жарым ай бойы көрмедік. Байланыс жоқ. Біз сені қатты сағындық. Өз сарбазымызды ерекше мақтан тұтамыз. Даниал айрықша мақсаттағы әскери күштер бөлімінде қызмет етеді. Еліміздің 18 бен 27 жас аралығындағы, бойы 180-нен 195 сантиметрге дейінгі, білімі орташадан төмен емес, дене бітімі, дені сау азамат ҚР МКҚ Айрықша мақсаттағы күштерінің мерзімді әскери қызметінің сарбазы бола алады. Әскерге бару – парыз. Бұл – өмір мектебі және керемет челлендж”, – деп жазды медиаменеджер. 

Еске салайық, продюсер ұлын әскерге шығарып салар алдында жан тебіренерлік жазба жариялап, жылап қалған болатын.

“Балам! Жаным! Біз сенімен мақтанамыз және сенің әскерге бару туралы шешіміңді қолдаймыз. Мұның оңай болмайтынын түсінеміз, қиынға соғары сөзсіз. Бірақ бұл –сенің Отан алдындағы борышың. Бұл – өмір мектебі. Әскерден кейін сені қазіргіден де мықты әрі батылырақ боласың. Сен онсыз да күштісің және мұны кезекті мәрте дәлелдедің”, – деп жазды Динара Сәтжан.

 

Соңғы жаңалықтар