Жарияланды: 70

"Әскерге бел будым": Әнші Ибрагим Ескендір ерікті түрде әскери жиынға қатысуға өтініш берді

"Әскерге бел будым": Әнші Ибрагим Ескендір ерікті түрде әскери жиынға қатысуға өтініш берді Сурет - youtube.com

Елордада әкери жиынға шақырылғандардың арасында танымал әнші Ибрагим Ескендір де бар. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. 

"Әскерге бел будым, ағайын! Елбасына күн туған сын- сағатта шен үшін емес, ел үшін, марапат үшін емес, парасат үшін қызмет етуді борыш санадым.Сөзім ісімнің айғағы, ісім сөзімнің айбары болсын!",- деп  жазды  әнші әлеуметтік желіде.

Еске салсақ 2 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған еді.

Аталмыш Жарлықтан кейін еліміздегі барлық өңірінде  әскери міндеттілерді дәрігерлік комиссияға шақыру жұмыстары басталып кетен.

Төтенше жағдай кезінде әскерге шақырылған азаматтар қаладағы блокпост бекеттерінде қызмет атқаруға және патрульдік қызметтерге әрі дезинфекциялық жұмыстарды жүргізетін болады. Сондай-ақ Әскери жиынға шақырылғандардың жұмыс орны мен лауазымы сақталады. 


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін