Әскерге шақырылған жігіт терезеден секіріп кетті. Қорғаныс министрлігіндегілер пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерге шақырылған жігіт терезеден секіріп кетті. Қорғаныс министрлігіндегілер пікір білдірді

Әскерге шақырылған жігіт терезеден секіріп кетті. Қорғаныс министрлігіндегілер пікір білдірді

Оралда әскерге шақырылған жігіт әскери комиссариаттың терезесінен секіріп кетті. Қорғаныс министрлігіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді.

  • 30 Желтоқсан 2020
  • 52
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, әскерге шақырылған Виктор Кибко 2001 жылы туған және ол мерзімді әскери қызметке шақырылу керек болған."

Оның әскери қызметке шақыртылудан босатылуына заңды негіз жоқ. Ол 2020 жылдың 30 қазаны мен 8 желтоқсаны аралығында бірнеше рет келмегендіктен, полиция қызметкерлері БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиналу пунктіне жеткізген. Ол сол жерде терезені ашып, үшінші қабаттан екінші қабаттағы құрылыстың төбесіне секірген. Одан әрі қарай жерге түскенде жарақат алып, ауруханаға жатқызылды",- деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствоның хабарлауынша, жас жігіт әскери қызметтен қашқысы келген.
"

БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажет шараларды жүргізді. Аталған жағдай бойынша материалдар Батыс аймақтық ІІМ Әскери-тергеу басқармасының Орал тобына жіберілді", — деді ведомстводағылар.

Министрліктегілердің айтуынша, азамат Виктор Кибкоға департаменттің лауазымды тұлғалары тарапынан ешқандай физикалық және моралдық зардап келтірілмеген.

Еске салайық, 29 желтоқсанда Оралда әскери қызметке шақырылған жігіт әскери комиссариаттың терезесінен секіріп кеткені хабарланды. Жас жігіттің жұлыны жарақаттанып, екі аяғының табан сүйегі сынған.

Соңғы жаңалықтар