Әскерге шақырылғандарды клубтан алып кетті: Қорғаныс министрлігі видеоға пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскерге шақырылғандарды клубтан алып кетті: Қорғаныс министрлігі видеоға пікір білдірді

Әскерге шақырылғандарды клубтан алып кетті: Қорғаныс министрлігі видеоға пікір білдірді

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов әскерге шақыртудан қашып жүргендерді түнгі клубтан ұстап арнайы автобуспен әскери комиссариатқа қалай апара жатқаны түсірілген видеоға қатысты піркір білдірді.

  • 29 Желтоқсан 2021
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Әскери қызметшілерге қатысты кез келген рейд негізінен сарбаз немесе мерзімді әскери қызметші өз уақытында келмегенде немесе нормативтік құжаттарда көзделген нормаларды орындамаған жағдайда жүргізіледі. Егер нормалар уақытында орындалмаса, уақытында келмесе, тіркелмесе, қажетті процедуралардан өтпесе, әрине, жергілікті әскери органдарда осы бағытта белгілі параметрлер, талаптар бар. Олар жай ғана өздерінің қызметтік міндеттерін орындайды", — деп түсіндірді Тұяқов мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына.

Оның айтуынша, мұндай рейдтер цифрландырудың арқасында басталған.

"Қазір барлық органдарда, әскери комиссариаттарда мемлекеттік органдармен интеграция бар. Сондықтан жергілікті әскери органдар мен ведомстволар белсенді түрде жұмыс істей бастағаны анық", — деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Ол рейдтер әскерге шақырылғандар жетіспегеннен жүргізілмейтінін түсіндірді. 

"Әскерге шақырылғандар бар, олар тек өз міндеттерін орындау керек. Отанды қорғау міндеті бар", — деді Тұяқов.

Оның айтуынша, мұндай рейдтер белгілі бір уақыт аралығында өткізілетін болады.

Еске салайық, желтоқсан айының басында әлеуметтік желіде Павлодардағы қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкерлерімен бірлескен тексеріс кезінде полицейлер әскерге шақыртудан қашып жүрген 13 жасөспірімді анықтады. Ұсталған сәтте жастар қаланың түнгі клубында болған. Құқық қорғау органдарының жастарды ұстаған видеосы Instagram-да жарияланды. Видеода полицейлердің арнайы автобуспен ұсталған жас жігіттерді әскери комиссариатқа қалай апара жатқаны түсірілген

Соңғы жаңалықтар