Әскери базаға аю шабуыл жасады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери базаға аю шабуыл жасады (ВИДЕО)

Әскери базаға аю шабуыл жасады (ВИДЕО)

Оқиға күтпеген жерден болған. 

  • 18 Маусым 2021
  • 100
Фото - Caravan.kz

Жапониядағы Окадам әскери базасына аю шабуыл жасап, төрт адам жараланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметі бойынша, оқиға Жапонияның солтүстігіндегі Саппоро қаласында болған. Жыртқыш әскери база аумағына кіріп, қызметкерлердің біріне шабуыл жасаған. Кейін аю әуежай аумағындағы ұшу-қону жолағында жүрген және біраз уақыттан кейін қоршаудан өтіп, нысан аумағынан шығып кеткен.

 

Бұған дейін аю екі қарт адамға шабуыл жасаған. Салдарынан 70 және 80 жастағы қарт ерлі-зайыпты, сондай-ақ 40 жастағы ер адам жарақат алған. Олар ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Жапонияда аюлар қалалық метро бойында және коммерциялық нысандар салынған қалалық аудандарда жүреді. Сондықтан Саппоро қаласының билігі аудан тұрғындарын үйден шықпауға шақырды, дейді арна тілшілері.


Аюды ұстау мүмкін болмағандықтан, қоғамдық қауіпсіздік үшін атылған.

Бұған дейін Қытайда хайуанаттар бағының қызметкеріне шабуыл жасаған екі цирк жолбарысы атылған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар