Әскери колледждерде жасөспірімдерді зорлаудың ондаған дерегі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери колледждерде жасөспірімдерді зорлаудың ондаған дерегі анықталды

Әскери колледждерде жасөспірімдерді зорлаудың ондаған дерегі анықталды

Әскери колледждерде жасөспірімдерді зорлаудың ондаған дерегі анықталды.

  • 15 Тамыз 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, жасөспірімдердің жартысына жуығы 16 жастан асқандар түсетін Солтүстік Йоркширдегі Харрогейте әскери колледжінде оқып жүргенде зорланған. 

Қоғамдық комитеттің тергеуінен кейін министрлер жариялаған мәліметте жасы 18-ден асқан 47 адам бұрын жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған. Оның 37-сі қыздар. Зорлық-зомбылықтың бір эпизоды дәлелденді, төртеуі тергеліп жатыр, тағы 11 іс азаматтық полицияға берілген.

"Бұл статистика қалай қарасаңыз да таңғалдырады", — деді бұрынғы армия қолбасшысы полковник Филип Инграм.

Өткен жылы әріптестері тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырадым деген әскери қызметкерлердің саны рекордтық деңгейге жеткені атап өтілді. Сондай-ақ, Қорғаныс полициясы әскерде, Корольдік әуе күштерінде және теңіз флотында болған 200-ден аса жеке жағдай туралы мәлімдеді.

Жыныстық қудалау туралы 274 мәлімдеменің 164 әскерде, 43 Әскери-теңіз күштерінде және 32 Корольдік әуе күштерінде болған.


Оның 44 зорлау, 198 басқа сексуалдық зорлық-зомбылық, ал қалғандары сексуалдық сипатта болған.

2021 жылғы деректер Қорғаныс министрлігінің 15 азаматтық қызметкері, сондай-ақ шетелдік күштердің үш мүшесі жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын көрсетеді.

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі барлық айыптаулар мұқият тексеріліп жатқанын айтты. 

Соңғы жаңалықтар