деп хабарлады облыстық экономикалық және сыбайлас қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен.
Бейсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, әскери комиссариат қызметкері 30-мамыр күні қаржы полициясы мен облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында ұсталған.
"Ер адам әскерге шақырылушыны ресімдеу шараларын жүргізбеу үшін 350 мың теңге қолма қол ақша алу кезінде ұсталған".
Бұл факті бойынша республика Қылмыстық кодексінің 311 бабы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалды.