Әскери ұшақ құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери ұшақ құлады

Әскери ұшақ құлады

Мьянма әскери-әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады.

  • 10 Маусым 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери ұшақ Мьянмадағы үлкендігі бойынша екінші қала Мандалай маңында құлағаны хабарланды.

Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз. Мьянма Мемлекеттік кеңесі әскери ұшақтың апатқа ұшырағанын растады.

Еске салайық, 2021 жылдың 1 ақпанында Мьянма әскери күштері төтенше жағдай режимін енгізіп, ел президенті Вин Мьин мен мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжиді тұтқындаған болатын. Олар мұны қарашада өткен сайлаудағы заңбұзушылықтармен түсіндірді. Қарулы күштер жаңа министрлер кабинетін құрды.

Содан бері Мьянма қалаларында күн сайын әскери билікке қарсы жаппай наразылықтар болды. Мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде медицина қызметкерлерінің 70 пайыздан астамы жұмыс орынынан кетіп, билікке азаматтық бағынбау науқанына қосылды.


АҚШ президенті Джо Байден Мьянма әскери күштерін демократиялық көшбасшылар мен белсенділерді босатуға, сондай-ақ, олар басып алған биліктен бас тартуға шақырды. Вашингтон сауда және инвестициялар туралы келісім аясында Мьянмамен байланысын тоқтатты, сонымен қатар, дипломаттарын елден эвакуациялады. 

Соңғы жаңалықтар