Әскери-теңіз күштерін дамыту жөніндегі кеңесші- компания ағымдағы жылдың қазан айында айқындалады - ҚР қорғаныс министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери-теңіз күштерін дамыту жөніндегі кеңесші- компания ағымдағы жылдың қазан айында айқындалады  - ҚР қорғаныс министрі

Әскери-теңіз күштерін дамыту жөніндегі кеңесші- компания ағымдағы жылдың қазан айында айқындалады - ҚР қорғаныс министрі

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Әскери-теңіз күштерін дамыту және осы саладағы нысандарды салу мәселелері бойынша ҚР Қорғаныс министрлігіне кеңес беретін компания ағымдағы жылдың қазан айында айқындалады.

  • 19 Қыркүйек 2007
  • 442
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов 500-1000 тоннаға дейін су ығыстырғыштығы бар кемелер бойынша шетелдік компаниялардың ұсыныстарының тұсаукесерінде хабарлады.

«Қорғаныс министрлігіне кеңес беретін компания қазан айында айқындалып, бізбен бірлесе отырып ол кеме жасау жөнінде бізге жасалып оытрған ұсыныстарды мқұият бағалайды деп сенеміз. «Зенит» зауытымен бірлесіп су ығыстырғыштығы 500 тонна болатын кемелерді жасайтын мердігер де осы қазан айында айқындалады деп ойлаймын. Ал 500 тоннадан жоғары кемелерді біз өзіміздің негізгі мердігерден сатып алатын боламыз. Қазақстан жағы еліміз үшін кеме жасайтын мердігердің жағалау инфрақұрылымына қатысты ауыртпалықты да өзіне жүктеп алуын талап ететін болады», — деді Д. Ахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті