Асхат Аймағамбетов шетелдіктердің бала асырап алуы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асхат Аймағамбетов шетелдіктердің бала асырап алуы туралы айтты

Асхат Аймағамбетов шетелдіктердің бала асырап алуы туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында қорғаншылық және қамқоршылық органдарындағы штат мәселесін көтерді.

  • 1 Маусым 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан аумағында бала асырап алу жөніндегі 10 шетелдік агенттік аккредиттелген. Алайда, 2020 жылы бұл агенттіктер арқылы бала асырап алу дерегі тіркелген жоқ», — деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, елдегі 228 аудандық және қалалық білім бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық міндетін небары 317 қызметкер атқарып отыр.

«Республикада 6 миллионнан астам бала бар екенін ескерсек, орта есеппен бір маманға 18 мыңнан астам бала келеді. Ал әлемдік практикада 2 мың балаға бір маман қарастырылған. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын тәжірибелі кадрлармен күшейту және штатты ұлғайту арқылы жаңарту қажет және өте маңызды деп санаймын», — деді Білім және ғылым министрі.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов 3 жылда 42 балалар үйі жабылғанын айтқан болатын.


Министрдің айтуынша, биыл арнайы педагогтер дайындау гранты екі есе көбейтілген.

Сондай-ақ, Үкімет отырысында 4 облыста 110 мектептің дәретханасы аулада тұрғаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар