Асқар Бөрібаев ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Бөрібаев ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Асқар Бөрібаев ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Асқар Бөрібаев ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Қыркүйек 2008
  • 626
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2007 жылдың наурызы мен 2008 жылдың ақпаны аралығында А. Бөрібаев осы қызметті атқарған.

Сонымен бірге, ол Астана қалалық мәдениет департаментінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының бастығы лауазымдарын иемденді. Осы жолғы тағайындауға дейін Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайдың директоры болды.

А. Бөрібаев 1956 жылдың 17 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара қаласында туған. Алма-Ата мемлекеттік консерваториясын, 1979 — 1981 жылдары Мәскеудегі Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияның аспирантурасын бітірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар