Асқар Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Асқар Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Асқар Мамин екі күндік жұмыс сапарымен Ақтөбе өңірін аралап жүр.

  • 11 Тамыз 2017
  • 369
Фото - Caravan.kz


Премьер-министрдің бірінші орынбасары алдымен жақында пайдалануға берілген жабық хоккей модуліне барды, деп хабарлады 24.кз.

Спорт нысаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған. Құрылысқа 480 млн теңге жұмсалса, жартысын жергілікті компания бөлді. Қазір мұнда 700-ден астам бала жаттығып жүр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары хоккейден облыстың жаңа командасын жасақтау қажеттігін айтты. Одан кейін Асқар Мамин жеке мен мемлекеттің әріптестігі аясында салынып жатқан бірнеше әлеуметтік нысанның құрылысын көрді. 1200 орындық Жастар сарайын салуға қажетті қаражаттың жартысын ірі мұнай компаниясы бөлген. Ғимаратта үлкен концерт залы мен жастардың шығармашылығын шыңдауға арналған түрлі үйірмелер болады. Офтальмологиялық клиниканың құрылысымен де танысты. Құны 3,2 млрд теңге болатын жоба іске асқан кезде, батыс аймақ тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Одан соң 9 гектар аумағы бар елдегі ең ірі жылыжай кешенін аралап көрді. Голландиялық технологиямен салынған жылыжай жылына 6 мың 500 тонна өнім береді. Асқар Мамин бүгін де бірнеше маңызды нысандарды аралайды.

 

Соңғы жаңалықтар