Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады

Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

  • 8 Наурыз 2021
  • 18
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.

«Аяулы аналар, арулар, cіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады. Әрбір отбасының ұйытқысы бола отырып, cіздер жас буынға тәлім-тәрбие беруде және өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ерекше орын аласыздар. Қоғам өмірінің сан түрлі салаларындағы еселі еңбектеріңіз арқылы cіздер Қазақстанның дамуына да орасан зор үлес қосып отырсыздар. Өміріміздегі қуанышты да жарқын сәттер үшін біздің шынайы алғысымызды қабыл алыңыздар! Біз сіздерді ардақтаймыз және жақсы көреміз! Бақуатты және бақытты болыңыздар!  Ізгі тілекпен, Асқар Мамин».

 

Соңғы жаңалықтар