Жарияланды: 20

Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады

Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстанға және Қырғызстанға барады Сурет - Atameken Business Channel

2019 жылғы 11-12 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына (Душанбе қ.) және Қырғыз Республикасына (Бішкек қ.) барады. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлайды.

Душанбеде Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің және Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзоданың басшылығымен шағын және кеңейтілген құрамдардағы үкіметтік келіссөздер өтеді. Тараптар сауда-экономикалық және транзиттік-көлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту, өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылайды. 

Бішкекте Қазақстан-Қырғыз Үкіматаралық кеңесінің VIII  отырысы өтеді. Күн тәртібінде сауда, инвестициялар, өнеркәсіп, көлік, мұнайгаз саласы, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, су-энергетика саласы, кедендік және шекаралық өзара әрекеттестік салаларындағы ағымдағы және перспективалы ынтымақтастықтың 18 мәселесі қаралады. 

Ресми сапарлар аясында бірқатар құжаттарға қол қою көзделген. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін