Жарияланды: 20

Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі белгілі болды

Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі белгілі болды

Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі белгілі болды.

Бұл туралы Caravan.kz Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

«Биыл 16 қарашада Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14 бойындағы «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде өрт шықты, өрттің шығуына кеңейту желісіндегі апаттық операцияның пайда болуы, соның салдарынан электр сымдары тұтануы себеп болған», – делінген хабарламада.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға электр желілері мен розеткаларды қалыпты жағдайда ұстауға баса назар аударуды ұсынады.

Еске салайық, 16 қарашада елордалық өрт сөндірушілер Астанада өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалған болатын. Кейін адамдарды құтқарған өртсөндірушілердің аяқ-қолдары мен бетін күйік шалғаны анықталды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған Асқар Забикулин көп ұзамай ауруханада жан тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін