Астана әкімдігі алғаш рет мектеп бітірушілерге 1 000 білім грантын бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімдігі алғаш рет мектеп бітірушілерге 1 000 білім грантын бөлді

Астана әкімдігі алғаш рет мектеп бітірушілерге 1 000 білім грантын бөлді

Астана әкімдігі алғаш рет 11-сыныптың 1000 түлегі үшін жоғары оқу орындарынан мемлекеттік тапсырыс (күндізгі бөлім тегін оқыту) бөлді.

  • 3 Маусым 2018
  • 16
Фото - Caravan.kz

Аталған грант бойынша жалпы медицина (дәрігер-травмотолог, дәрігер-аллерголог), педиатр (реабилитолог, неанатолог, суицидолог), архитектура (BIM – жобалаушы менеджер), дизайн (Web-дизайн) дизайн (ландшафт дизайнері) мамындықтары қарастырылған.

Сондай-ақ, ІТ мамандар, яғни есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйе (әзірлеуші және компьютерлік жүйенің талдаушысы), радиотехника, электроника және телекоммуникация (инженер – электроншы) мамандықтарын таңдаған мектеп бітірушілер тегін білім ала алады.

Бұдан бөлек, инженерлік жүйе және желі (газ жабдықтау жүйесі құрылғысын пайдалану және монтаж бойынша инженер-техник), инженерлік жүйе және желі (құрал жасау және байланыс жөніндегі инженер), құрылыс (құрылыста 3D баспа жобалаушы), мектепке дейінгі оқыту жне тәрбиелеу, физика (ағылшын тілін оқыту құқығымен қоса), биология (ағылшын тілін оқыту құқығымен қоса), география (ағылшын тілін оқыту құқығымен қоса), дефектология дефектология (логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагог) мамандықтары да аталған тізімге енген.

Талапкерлерден өтініш 2018 жылдың 1-нен 7 тамызына дейін қабылданады.


Соңғы жаңалықтар