Осы орайда, Астана қаласының әкімдігі тұрғындар үшін сайлау учаскелері туралы ақпараттар алуға болатын Байланыс орталығын құрды.
Сайлаушылардың тізімін нақтылау мақсатында сондай-ақ, қала тұрғындарының қосымша сұрақтары үшін құрылған Байланыс орталығының телефон нөмірі (7172)55 75 75. Ақпараттық қызмет күнделікті таңертеңгі сағат 09.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері — 10.00-ден 20.00-ге дейін.
Операторларға қоңырау шалу арқылы сайлаушылар қай сайлау учаскесіне қарайтындығын оңай және жылдам анықтай алады сондай-ақ, «Сайлау учаскесін іздеу» электронды қызметі арқылы оның байланыс мәліметтерін сұрата алады. Сұратылған ақпарат табылмаған, не қате болған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мекен-жай туралы мәліметтерді анықтау қажет.
Онымен бірге, елордалықтар сайлау учаскелерінің шекаралары мен олардың орналасқан мекен-жайларын электронды картадан көре алады: maps.astana.kz/election.htm.
Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылуы тиіс құжаттар: жеке басты куәландыратын құжат және үй кітапшасының түпнұсқасы.