Астана әкімі тілшілермен селфиге түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімі тілшілермен селфиге түсті

Астана әкімі тілшілермен селфиге түсті

Елорда туған күнін әлі тойлап жатыр. Бас қаламыздың 16 жылдығына орайластырылған думандар бүгін де жалғасын тапты. Қала тұрғындары мен қонақтар ұйымдастырылған мерекелік шараларға қатысып мәз-мейрам. Бірақ думандардың ең қызығы 6 шілде күні өтті. Оның соңы жарты сағатқа созылған отшашумен аяқталды. Ал тойды жоғарғы деңгейде өткізген Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов бүгін велосипедке отырып соңында тілшілермен селфиге түсті. 

  • 8 Шiлде 2014
  • 286
Фото - Caravan.kz

Мереке күндері еліміздің бүкіл өнер жұлдыздары жиналып, ерке Есілдің жағасын бұлбұл бақшасына айналдырды десе болады. Астананың аспанында үш күн бойы ән әуеледі. Сондай тамаша кештерінің ішіндегі ерекшесі — «Ән жүрегім, Астана!» концерті. Мұнда жиырмадан астам жас орындаушы Елорда туралы ең әдемі шығармаларымен сайысқа түсіп, жеңімпаздар анықталды. Биыл Оралдан келген орындаушы Нұрсұлтан Қарабалиевтің «Елордам»әні үздік деп танылды.

Жүрегімде сен әрдайым ару, Астанам менің…

 Қонақтарды таң қалдырған тағы бір кеш — халықаралық сиқыршылар фестивалі. Сиқыршылардың өнеріне көрермен еріксіз таңдай қақты.

Саябақтағы мына суретшілердің де жұмысын ерекше бағалауға болады. Демалуға келген әрбір азамат қолына қылқалам алып, бір күннің ішінде 50 метрлік картинаны салып шықты. Әсіресе қолдары бояуға малынған кішкентайлардың қуанышында шек жоқ. Қала сыртында да қызу тіршілік. Бала-шағасын жетектеген жұрт ең үлкен жылан іспеттес батбырауықты аспанға ұшырып жарысты.

-Астанам жайнай бер, жарқырай бер…

Астананың туған күніне жыл сайынғы дәстүрлі тәтті тарту да бар. Алып торттан биыл да жүздеген адам ауыз тиді. Жарты тонна ұн, 200 жұмыртқа жұмсалған тағамды ондаған аспаз жасапты.
Мерекелік шаралар қас қарайғанша жалғасты. Соңы отшашуға ұласып,ол тұрғындар мен меймандарды таңғалдырды.

Ал бірнеше күнге созылған қала күнін абыроймен өткізген Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қолы қарбаластан енді босағандай. Бүгінгі демалысты пайдаланып, велосипедке мінді. Сөйтіп қаланы аралап шығып, велоспиедке арналған арнайы тұрақтың ашылуына қатысты. Соңында мерекеге орай тілшілер шаһар басшысынан соңғы уақытта көп тараған селфиге түсуін өтінді. Ұсынысты қуана қабылдаған Тасмағамбетов тіпті журналистерді ұялы телефонға өзі де түсіріп алды.


— Келіңіздер түсейік. Рахмет сіздерге. Мерекелеріңізбен!

-Ал Астананың 16 жылдығына орай 37 жұп қол ұстасып, некесін қиды. Елорда мен Елбасының туған күні тұспа-тұс келгендіктен мерекеде дүниеге келген үш ұл баланың есімін ата-анасы Презинеттің құрметіне «Нұрсұлтан» деп ат қойыпты. Жалпы, шілденің алтысы күні Астанада 61 бала туылған. Олардың әрқайсысына сыйлықтар мен бір реттік жәрдемақы берілді.