Астана әкімі үш басқарманың басшыларын жұмыстан босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімі үш басқарманың басшыларын жұмыстан босатты

Астана әкімі үш басқарманың басшыларын жұмыстан босатты

Бүгін аппараттық жиналыс барысында елорда әкімі Әсет Исекешев кадрлық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды әкімнің сайты. 

  • 8 Қаңтар 2018
  • 162
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалуына байланысты Егемберді Ерғали Қуандықұлы Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры лауазымына тағайындалуына байланысты Оралов Асхат Раздықұлы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, Жапаев Бақтыбек Бекенұлы Астана қаласы Энергетика басқармасының басшысы лауазымынан өз еркімен босатылды. Қала әкімі оларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, бастамаларына сәттілік тілеп, алғыс хаттармен марапаттады.


 

Соңғы жаңалықтар