Астана әкімі жұмыссыз қалса да парламентке бармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімі жұмыссыз қалса да парламентке бармайды

Астана әкімі жұмыссыз қалса да парламентке бармайды

Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов тіпті жұмыссыз қалған күнде де парламент депутаттығына сайланбаймын деп мәлімдеді.

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Мен депутаттардың әр қайсысына үлкен құрметпен қараймын. Бірақ менің пікірім өзгерген жоқ – мен өзімді парламентте елестете алмаймын. Әр адамның өзінің өмірлік мақсаттары бар, әркім өз күшін өзінше бағалайды. Мен өте белсенді жұмысты ұнатамын», — деді ол жұма күні ҚР президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте.

«Мені дұрыс түсініңіздер. Мен шынында да өзімді парламент депутаты ретінде елестете алмаймын. Шынында, жұмыссыз қалып жатсам, парламентке бар деп ұсыныс жасалса, мен бас тартар едім», — деп қорытты әкім.