Астана әуежайы - нағыз "жердің бір жері". - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әуежайы - нағыз "жердің бір жері".

Астана әуежайы - нағыз "жердің бір жері".

Facebook әлеуметтік желісінде жұртшылықтың назарын аударған жазба пайда болды.

  • 24 Қазан 2017
  • 2865
Фото - Caravan.kz

Осыдан 2 күн бұрын «Эйр Астана» әуе компаниясы «Астана-Баку» бағытындағы ұшақ елорда әуежайына қайта қонған болатын.

Азаматтық авиация комитетінің ресми мәлімдеуінде Астанадан Бакуге ұшып шыққан ұшақ навигациялық құрылғының проблемасына байланысты әуежайға қайтып келді делінген.

Сол сәтте ұшақ ішінде болған Natasha Hoelund есімді фейсбук парақшасының иесі болған жағдай бойынша бүкіл жағымсыз ойың ашық түрде жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz

«Біз Астана әуежайында отырғанбыз. Ұшақ тиесілі уақытынан 15 минутке ерте ұшып кетті. Аспанда жарты сағат уақыт өткізгеннен кейін, бір кезде біздің ұшағымыз қайтадан Астанаға оралады деген хабар естідік. Бұл ойға сыймайтын нәрсе. Қайтқанымыз бір бөлек, ешкім ештеңені түсіндіре алмайды, барлығымыз қорыққанымыздан естеріміз шығып, не істерімізді білмедік.

Енді бірең-сараң уақытта ұшақ бүгін емес, ертен ұшады деген хабар келді. Масқара ғой. Бізді Астана әуежайында ешкім дұрыстап қарсы алмай, тіпті тамағымызды дұрыстап іше алмадық. Т елефонды қуаттандыратын бір ток көзі жоқ, берген шәй-кофе дегендері суп-суық. Бір кезде, шыны керек осы «жердің бір жерінен» қашан құтылып шығатынымыз туралы армандадым», — деп жазды Наташа.


Комитеттің хабарлауынша, экипаж қауіпсіздіктің қалыпты тексерулерінен өткен.

Ұшақта 90 жолаушы болған.

Соңғы жаңалықтар