Астана әуежайы рейстердің күзгі-қысқы кестесіне өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әуежайы рейстердің күзгі-қысқы кестесіне өтті

Астана әуежайы рейстердің күзгі-қысқы кестесіне өтті

Астана әуежайы мен «Эйр Астана» компаниясы рейстердің күзгі-қысқы кестесіне өтті. Аталған маусымдық кесте 2016 жылдың 26 наурызына дейін созылады. 

  • 10 Қараша 2015
  • 491
Фото - Caravan.kz

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аэродромның жасанды жолдары жөнделді, жазда боялған белгілер жаңартылды. Сонымен қатар, ұшу-қону алаңындағы жарықтар ауыстырылды.

Қысқы маусымның басталуына орай, қыста ұшақтарды мұздан қорғау мақсатында ұшақтардың сыртын майлайтын 7 арнайы көлік шығарылды. Аэродромды және ұшақтарды қалыпты жағдайда ұстау үшін арналған барлық техникалардың дайындығы пысықталды.

«Қысқы уақыттарда жолаушылар әуежайға ертерек келулері тиіс. Ұшақ ұшарға 15 минут қалғанда барлық жолаушылар терминалда болулары керек. Себебі, ұшақтарды қыста дайындау үшін біршама уақыт қажет. Ұшақтардың сыртын мұз қатпау үшін арнайы маймен өңдейді, сондай-ақ ұшу барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар атқарылуы қажет», — дейді «Эйр Астана» АҚ әуекомпаниясының өкілі Гүлнәр Сәтбаева.


Қазіргі уақытта Астана әуежайында 19 әуекомпания 38 бағыт бойынша ұшырылым жасайды. Айта кету керек, 2015 жылдың 10 айы ішінде Астана әуежайынан 20 166 рейс ұшты. Оның ішінде 1473 рейс кешіктірілген. Қысқы маусымда ұшақтардың кешіктірілуі ауа райының қолайсыздығынан көбеюі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар