Астана әуежайында өзін-өзі тіркеу дүңгіршектері орнатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әуежайында өзін-өзі тіркеу дүңгіршектері орнатылады

Астана әуежайында өзін-өзі тіркеу дүңгіршектері орнатылады

Нидерландының Амстердам қаласында өткен «ICT Forum-2014» еуропалық авиация конференциясында Ресей мен ТМД-дағы SITA компаниясының вице-президенті Дмитрий Краснов қазақстандық әуе тасымалдаушылар мен әуежайлардың ІТ-технологияларды енгізуге мүдделі екендігін жеткізді. 

  • 11 Қараша 2014
  • 362
Фото - Caravan.kz


Вице-президенттің айтуынша, барлық ірі әуежайлар өзін-өзі тіркеу дүңгіршектерін орнатуға қызығушылық танытқан, себебі, бұл Алматы мен Астана жолаушыларына рейстерге өз бетінше тіркелуге, ұшақта орын таңдауға және отыру талонын басып шығаруға мүмкіндік береді.

Астана қаласының халықаралық әуежайы маусымдық кестені әзірлеу барысында SITA-ның операциялық қызметті жоспарлаудағы тәсілдерін қолдана бастады, бұл әуежайда жаңа буын технологияларын орнатудың алғашқы қадамы болып табылады, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.