Жарияланды: 500

Астана әуежайында ТУ-134 ұшағы апатты жағдайда қонды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана әуежайында ТУ-134 ұшағы апатты жағдайда қонды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана халықаралық әуежайында 14 қазанда сағат 15.15-те ҚР Қорғаныс министрлігінің ТУ-134 ұшағы Астана - Санкт-Петербург бағытында № 65683 рейспен жерден көтеріле бергенде ұшақ бортында түтін шыққан. Ұшақ бортында 7 экипаж мүшесі болған. Апаттық жағдайда қону сағат 15.30-да сәтті жүзеге асырылды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін