Жарияланды: 390

Астана әуежайының басшысы ауысты

Астана әуежайының басшысы ауысты

 «Airport Management Group» атқарушы компаниясының шешімімен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Жауханов өз еркімен қызметінен босатылды.     

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рәділбек Өкенұлы Әдимолда төраға қызметі міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Airport Management Group» компаниясынан.

Р.Әдимолда 1987 жылы Азаматтық авиация академиясын тәмәмдаған (Санкт-Петербург, РФ). Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінде, «Қазаэронавигация» РМК-да жетекші қызметтер атқарған. «Құрметті авиатор» төс белгісі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.  

Бүгінде  Астаны әуежайы жалпы есеппен тәулігіне 10 мыңнан астам жолаушыға, 140 шақты рейске қызмет көрсетеді. 16 ішкі және 23 халықаралық бағыт бойынша  16 әуекомпанияның тұрақты рейстерін жүзеге асырады.   Қазір әуежайда жаңа жолаушылар терминалының құрылысы мен ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары жасалуда. Жаңа терминал іске қосылғаннан кейін, аумағы 41 мың шаршы метрді құрайтын ғимаратта 25 тіркеу орны, көші-қон қызметінің 24 орны, жүк шығаратын 3 конвейер болады.  Жаңа терминал жылына 3,5 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады.  Осылайша, 2017 жылы елорда әуежайының жылдық өткізу мүмкіндігі 7 млн.-ға жетеді.   Жолаушылар мен әуекомпаниялардың сұраныстарын қанағаттандырып,  жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында Airport Management Group әлемдік жетекші компанияларды серіктестікке тартады: жерде қызмет көрсету бойынша Swissport International компаниясы, ал борттық тамақтандыру бойынша әлемдік жетекші  Gate Gourmet компаниясымен әріптесу жоспарланған. 

 Бүгін «Airport Management Group» атқарушы компаниясының бас директоры (Басқарма төрағасы) Клод Бадан әуежай ұжымымен жиналыс өткізіп, жаңа басшыны таныстырды.   

«100 нақты қадам» Бағдарламасы аясында және «Нұрлы жол» Жолдауында Мемлекет басшысы елордалық әуежайдың дамуына ерекше ден қояды. Сондықтан біз  Zurich Airport International компаниясымен әріптесе үлкен міндеттерді жүзеге асыруымыз қажет. Яғни, әлемдік үздік тәжірибелерді, стандарттар мен технологияларды енгізу, қызмет көрсету сапасын жоғарлату, ұшу және авиация қауіпсіздігін жетілдіру жұмыстары тұр», - деді Клод Бадан.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін