Астана автобустарында жаңа ережелер: жол ақысы 180 теңге және алдыңғы есік арқылы түсуге тыйым салынған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана автобустарында жаңа ережелер: жол ақысы 180 теңге және алдыңғы есік арқылы түсуге тыйым салынған

Астана автобустарында жаңа ережелер: жол ақысы 180 теңге және алдыңғы есік арқылы түсуге тыйым салынған

Қоғамдық көліктің ортаңғы есігін мүгедек жандар мен арбасы сүйреткен жолаушылар пайдаланады.

  • 18 Шiлде 2018
  • 147
Фото - Caravan.kz

Астананың қоғамдық көлігінде 21 шілдеден бастап дифференцияланған тариф іске қосылады. Жолаушыларды отырғызу және түсіру ережелеріне де өзгерістер енгізілді.

"Астана LRT" компаниясының мәліметіне сүйенсек, екі және одан да көп есігі бар автобустарда жолаушылар алдыңғы есіктен отырғызылады. Ал түскен кезде алдыңғы есіктен басқа есіктер арқылы шығу керек.

Ортаңғы есікті мүмкіндігі шектеулі және арбасы бар жолаушылар пайдалана алады.


Жолаушыларды отырғызу және түсірудің жаңа ережесін кондукторлар түсіндіреді.

21 шілдеден бастап көліктік картамен жолақысын төлеу 90 теңге тұрады, ал қолма-қол ақшамен төлеу – 180 теңге.

 

Соңғы жаңалықтар