Астана базарында күзетшілер арасында дау шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана базарында күзетшілер арасында дау шықты

Астана базарында күзетшілер арасында дау шықты

Астанада полиция қызметкерлері "Шарын" базарындағы қақтығыстың алдын алды.

  • 15 Қазан 2017
  • 270
Фото - Caravan.kz


Қақтығыстың видеосын куәгерлер жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер 13 қазанда базардағы қақтығыстың алдын алғанын хабарлады. "13 қазанда Шарын базарында екі күзет қызметінің күзетшілері арасында дау шықты. Астана қалалық ІІД-не шаммен күндізгі сағат 12-де хабарлама келіп түсті. Шамамен он адам аумақтық ІІБ-не жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабы бойынша ("Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады ІІД өкілдері.