«Астана кештері» дүркіреп өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана кештері» дүркіреп өтті

«Астана кештері» дүркіреп өтті

Түрлі бағыттағы музыка бір арнаға тоғысқан күн! Елордада 3 күнге созылған «Астана кештері» халықаралық өнер фестивалі өз мәресіне жетті. «Дегдар» қайырымдылық қоры ұйымдастырған концерттің   шымылдығын «Астана» симфониялық оркестрімен бірге, ең үздік джаз орындаушы Вадим Эйленкриг жапты.

  • 24 Маусым 2014
  • 211
Фото - Caravan.kz


Астанадағы мына зәулім сарайға 3 күннің ішінде 5 мыңға жуық көрермен келіпті. Олар Ресей, Әзірбайжан мен Италияның атақты орындаушылары және отандық әншілердің өнеріне тәнті болды. Ал, өнер майталмандары 5 бірдей концерт берген. Орындаушылардың барлығы жанды дауыспен түрлі жанрдағы әндерді нақышына келтіре орындады. Қайырымдылық шарасы болғандықтан, ұйымдастырушылар көбіне мүгедектер, ардагерлер, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларын шақырған. Концертке тегін кірген жұрт бір уақыт джаз , классика мен эстраладық әндерден әсер алып қайтты.