Астана халықаралық форумына кімдер қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана халықаралық форумына кімдер қатысады

Астана халықаралық форумына кімдер қатысады

8-9 маусымда негізгі жаһандық проблемаларды шешу үшін халықаралық қауымдастықты біріктіретін  "Астана" халықаралық форумы өтеді. 

  • 6 Маусым 2023
  • 40
Фото - Caravan.kz

Форумның негізгі баяндамалар сериясы, 40-тан астам панельдік сессиялар, кабинеттік пікірталастар  форматында өтеді, деп хабарлайды Сaravan.kz. медиа порталы.

Фоурм Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.

 "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында" тақырыбында өтетін конференцияда   негізгі төрт тақырып қарастырылады. Олар: сыртқы саясат, қауіпсіздік және тұрақтылық, энергетика және климат, экономика және қаржы.

Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам қонақ, оның ішінде  үкімет және халықаралық ұйымдардың, ірі трансұлттық компаниялардың басшылары мен  танымал сарапшылар  қатысады деп күтілуде.

Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Бас директоры Одрэ Азуле, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары және ЭСКАТО Атқарушы хатшысы Армида Салсия Алисжахбана, Халықаралық Валюта Қорының Басқарушы директоры Кристалина Георгиева, ауыл шаруашылығы жөніндегі Еуропалық комиссар Януш Войцеховский, Катар Әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл Тани, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы және т. б. баяндамашы ретінде қатысатындарын растады.


Соңғы жаңалықтар